Алдағы үш күнде күн райы қандай болады
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 26-28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алдағы күндері атмосфералық фронттардың өтуімен, республикамыздың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысындажауын-шашын, республикамыздың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандардақатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі күтіледі, түнде ауа температурасы 2-7 аязға дейін төмендейді. Республикамыздың батысында, солтүстік-батысында, орталығында Солтүстік-батыс антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.Түнгі жәнетаңертеңгі сағаттарда еліміздіңсолтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысындатұман күтіледі.
Күндіз ауа температурасыеліміздің батысында +20+27°С дейін, солтүстікте, орталықта +15+23°С дейін, қиыр оңтүстікте+18+25°С дейін, оңтүстік-шығыста+12+20°С дейін баяулап көтеріле бастайды, еліміздің шығысында ауа температура +3+11°С шамасында болады.