Алдағы үш күнде күн райы қандай болады?
Синоптиктер Қазақстан аумағы бойынша 2024 жылғы 6-8 ақпанға ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Синоптиктер елімізде тұрақсыз ауа райы сақталатынын мәлім етті.
Қазақстанның басым бөлігі әлі күнге дейін қатты жауын-шашынның түсуіне ықпал ететін терең солтүстік-батыс циклонының ықпалында болады: солтүстік өңірлерде негізінен қар жауады, ал оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен ылғалды қар жауады. Сондай-ақ бұрқасынмен желдің күшеюі, көктайғақ пен тұман күтіледі. Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев әскердің жаңа қолбасшысын тағайындады
Өзгелердің жаңалығы