Алдағы үш күнде күн райы қандай болады
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 31 қазан мен 2 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстанның басым бөлігінде Атлантикалық циклонның ықпалымен тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр аралас қар жауады, көктайғақ болып, тұман түседі.
1 қарашада республиканың батысында жауынды болады, еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде жел күшейеді.
Күндіз ауа температурасының жоғарылауы болжануда: батыста +12+17°С, солтүстік-батыста және солтүстікте +7+15°С, солтүстікте, шығыста және орталықта +4+9°С, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста +12+17°С, ал таулы аймақтарда +3+8°С.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Субсидияның 203 млн теңгесін жымқырған күдікті қамалды
Өзгелердің жаңалығы