Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 18-20 қараша аралығына арналған еліміздегі ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болып қалады. Бұған Атлантикадан келген кезекті циклон себеп. Ол Қазақстан аумағы арқылы өтіп, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын әкеледі. Солтүстік аймақтарда бұрқасын, төменгі боран және көктайғақ күтіледі.
Тек еліміздің оңтүстік-батысында, сондай-ақ 19-20 қараша күндері шығыс өңірлерде антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі мен тұман күтіледі.
Температуралық фон бойынша айтарлықтай өзгеріс болмайды. Тек шығыс аймақтарда түнгі уақытта 6-23 градусқа дейін қатты аяз күтілетінін, ал күндіз ауа температурасы 2–10 градус жылы шамасында болатынын атап өткен жөн, – деп хабарлады «Қазгидромет».
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Чемпиондар лигасы: "Қайрат" өз матчтарын Астанада ойнайтын болды
Өзгелердің жаңалығы