Алдағы үш күнде ауа райы қалай құбылады?
"Қазгидромет" РМК 9-11 қарашаға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды. Алдағы үш күнде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан аумағының басым бөлігін солтүстік циклон қамтиды, осыған байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: қар жауады; батыс және оңтүстік өңірлерде жауын-шашын – жаңбыр, боранмен және көктайғақ құбылыстарымен қар жауады; елдің басым бөлігінде екпінді жел соғады, күші 15-29 м/с. 9 қарашада түнде Қостанай облысында, 10-11 қарашада республиканың шығысында қатты қар жаууы болжанады, - делінген хабарламада.
Республиканың оңтүстігінде күндіз ауа температурасы 8-13 жылуға дейін, таулы аудандарда +5 градусқа дейін көтеріледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"7-20-25" ипотекалық бағдарламасына өзгеріс енгізілді
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы