Алдағы үш күнде ауа райы құбылмалы болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидрометтің хабарлауынша, орталығы Сібірдің батысында орналасқан циклон және онымен байланысты фронтальды бөлімдер, елдің солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарына әсерін сақтайды.
Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында кей жерлерде нөсер болып, найзағай жарқылдап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады.
Бұл аймақтардағы температура фоны түнде 8...15-ке дейін төмендейді, ал күндіз 17... 22 градус жылы болады.
Республиканың қалған аумағында кең антициклон құрғақ және шуақты ауа райын қамтамасыз етеді. Республиканың батысы мен оңтүстік-батысында 45 градусқа дейін қатты ыстық болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Өзгелердің жаңалығы