Алдағы үш күн жаңбырлы болады
Қазақстан бойынша 2023 жылғы 20-22 маусымға арналған ауа райы болжамы ұсынылды. Синоптиктер болжамына сәйкес Қазақстанның барлық аймағында жаңбыр жауады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алдағы күндері терең циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын айқындайтын болады. Осыған байланысты жаңбыр жауады. Найзағай ойнайды. Солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында – қатты жаңбыр жауып, бұршақ пен дауыл тұрады, сондай-ақ желдің күшеюі күтілуде. Оңтүстік-батыста - шаңды дауыл көтеріледі. Төмен қысымды биіктік жырасы түнгі ауа температурасының солтүстікте 5-13 жылыға дейін, шығыста 7-15 жылыға дейін төмендеуіне ықпал етеді, - делінген "Қазгидромет" таратқан ақпаратта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымкентте әскери қызметкер жұмбақ жағдайда қайтыс болды
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы