Алдағы үш күн жаңбырлы бола ма? – Синоптиктер болжамын айтты

Қазақстан бойынша 2024 жылғы 13-15 тамызға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанда ауа райын Солтүстік Атлантикалық циклоны қалыптастырады.

Еліміздің көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жаңбыр, найзағай, қатты жел, бұршақ жауады. Қатты жаңбыр 13 тамызда солтүстік-батыста, солтүстікте, 14-16 тамызда батыста, солтүсті-батыста, солтүстікте күтіледі. Қазақстан бойынша жел күшейеді деп күтілуде, - делінген хабарламада.

Еліміздің оңтүстігі мен шығысында күндізгі уақытта +35+38°С қатты ыстық күтіледі, Қазақстанның қалған аумағында термометрлердің бағандары +18+26°С-тан +22+33°С-қа дейін ауытқиды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив
Өзгелердің жаңалығы