8 Қараша 2023 2023, 12:25 Фото: - архив

Алдағы уақытта жауын-шашынды болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 9-11 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 9-11 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Барикалық алқаптардың тез өзгеруіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде алдағы үш тәулікте ауа райы тұрақсыз болады.

Жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады, жаңбыр 9 қарашада оңтүстікте, 10 қарашада батыста, жауын-шашын (жаңбыр, қар) 9-10 қарашада оңтүстік-шығыста, 11 қарашада еліміздің шығысында болады.

Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады. 

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында көктайғақ болады. 

Кезеңнің соңына қарай Қазақстанның оңтүстік-шығысында түнгі сағаттарда ауа температурасы түнде 2 аяз - жылы, таулы аудандарда 5-10 аязға дейін төмендейді.