Алдағы уақытта жауын-шашынды болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 3-5 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанның солтүстігі мен шығысында нөсер жаңбыр жауады.

Таяу күндері Қазақстан аумағында ауа райында айтарлықтай өзгерістер болмайды, еліміздің басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болғандықтан найзағай ойнап, жаңбыр жауады, республикамыздың солтүстігінде, шығысында нөсер болады, екпінді жел тұрып, бұршақ жауып және дауыл тұрады.

Еліміздің батыс өңірлері жоғары қысым алқабында болғандықтан, ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз болады. Температуралық фонда айтарлықтай ауытқулар болжанбайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы