15 Мамыр 2023 2023, 12:00
Алдағы уақытта үсік жүріп, шаңды дауыл тұрады
Қазақстанның басым бөлігінің ауа райын Оңтүстік циклон айқындайтын болады, жаңбыр жауады, найзағай жарқылдап және бұршақ жауады, BAQ.KZ.
Қазақстанның басым бөлігінің ауа райын Оңтүстік циклон айқындайтын болады, жаңбыр жауады, найзағай жарқылдап және бұршақ жауады, BAQ.KZ.
16-17 мамырда оңтүстік-батыста, 16-18 мамырда солтүстік-батыста және оңтүстікте, 17-18 мамырда орталықта, 18 мамырда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр болады деп болжануда. Сондай-ақ республика бойынша жел күшейеді.
Республика бойынша температуралық фонның төмендеуі болжанады. Түнгі уақытта еліміздің солтүстік жартысында 3 градусқа дейін үсік болады. Күндізгі уақыттарда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа температурасы 13-18 градус жылыға дейін, еліміздің қалған бөлігінде 15-23 градус жылы болады.