Алдағы уақытта үсік жүреді
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 17-19 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алдағы күндері кең ауқымды антициклон Қазақстан территориясының көп бөлігін қамтиды, әлі де жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің оңтүстік жартысына циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді, соған байланысты жаңбыр жауып, найзағай болады. Республика бойынша жел күшейеді. Түнгі және таңертеңгі уақытта елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында тұман күтіледі, 17-19 қыркүйекте 2-5 градусқа дейін үсік болады.
Күндіз ауа температурасы: республиканың батысында +20+28°С, солтүстік-батыста +12+23°С, шығыста +5+20°С, оңтүстікте +20+30°С, елдің солтүстігінде және орталығында +10+20°С, оңтүстік-батыста +17 + 28°С.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда екі жасөспірім қыздар көпқабатты үйден құлап мерт болды
Келесі жаңалық
Түркістанда жоғалып кеткен балықшылар табылды
Өзгелердің жаңалығы