Алдағы уақытта үсік жүреді

Республиканың көп бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде 15 мамырда республиканың шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Нөсер жауын 13 мамырда солтүстікте, 14 мамырда оңтүстік аймақтарда, 14-15 мамырда оңтүстік-батыста болжанып отыр. 

Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік өңірлерде  шаңды дауыл соғады.

Жалпы Қазақстан бойынша ауа температурасының ауытқуы болжанады, тек 14-15 мамырда елдің солтүстік жартысында, түнгі уақытта 1-3 градус үсік жүреді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы