Алдағы уақытта күн суытады

Қазақстан бойынша 2024 жылғы 12-14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, ауа температурасының төмендеуі күтілуде.

Кең антициклон республиканың көп бөлігінде сақталып, негізінен жауын-шашынсыз ауа райын қамтамасыз етсе де, оны солтүстік суық ағындары толтыра бастайды. Осыған байланысты ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Тек елдің шығысында және оңтүстік-шығысында ғана атмосфералық фронтальды бөлімдері әсерінен жаңбыр жауып, түнгі уақытта ол қарға айналуы мүмкін, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив
Өзгелердің жаңалығы