Алдағы уақытта күн суыта ма? Синоптиктер болжамын айтты

2024 жылғы 25-27 сәуір аралығындағы Қазақстан бойынша ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Қазгидромет" синоптиктердің болжамынша, оңтүстік циклонның әсерінен 25-27 сәуір аралығында еліміздің оңтүстік жартысында, 25 сәуірде еліміздің солтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынды, солтүстік-батыста қиырында түнгі уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтілуде. 

Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Қалған аумақта антициклон жотасы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша екпінді жел соғады, түнде солтүстік және шығыс облыстарда тұман түседі. Суық фронт бірте-бірте еліміздің оңтүстік облыстарына ауысады, онда ауа температурасының түнде 0-12 градусқа дейін, күндіз 10-20 градусқа дейін төмендеуі күтіледі, солтүстік облыстарда суықтың шарықтау шегі сақталады. 25 сәуірде мұнда термометрлер түнде 0-8 аязға дейін, күндіз 5-13 градусқа дейін төмендедеуі күтіледі. Содан кейін солтүстікте күндіз ауа температурасы біртіндеп жоғарлауын бастайды, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы