Алдағы уақытта күн райы қандай болатыны анықталды
Синоптиктер елімізде 20-22 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мамандардың болжамынша, Қазақстанның оңтүстік-шығысында аяз әлсірейді.
Арктикалық антициклон Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында аязды ауа райын ұстап тұр. Алайда оңтүстік циклонға байланысты еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауып, бұрқасын болуы мүмкін. Таулы аймақтарда қалың қар жауады, сонымен қатар республиканың оңтүстік-шығысында аяздың беті қайтады, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы