Алдағы уақытта +37 градус ыстық болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 30 мамыр мен 1 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Республиканың басым бөлігінің ауа райын атмосфералық фронтальды бөлімдер айқындайтын болады, өткінші жаңбыр, найзағай, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында бұршақ жаууы мүмкін.

Нөсер жауын 30 мамырда Шығыс Қазақстан, 1 маусымда Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында болады.

Тек антициклон жотасымен Қызылорда және Ұлытау облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Сондай-ақ республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде – шаңды дауыл болжанады.

Қазақстан бойынша күндіз температуралық фон: батыста және солтүстік-батыста 28-36 градус жылы, солтүстікте, оңтүстік-шығыста және орталықта 25-35 градус жылы, оңтүстікте 32-37 градус жылы, шығыста 20-28 градус жылыға дейін біртіндеп жоғарылайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы