Алдағы уақытта -32 градус аяз болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 11-13 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Барикалық алқаптардың тез өзгеруінің әсерінен ел бойынша тұрақсыз ауа райы сақталып отыр. Егер солтүстік аймақтарда қарлы, желді ауа райын аяз алмастырса, онда оңтүстік аймақтарда жауын-шашынның арты қарға ұласады.

Ауа температурасының қысқа мерзімді ауытқуына байланысты көктайғақ болады.

Батыс аймақтарда 11 және 13 қаңтарда, солтүстік аймақтарда 11-12 қаңтарда аяз болады, мұнда термометр түнде 20-32 аязға дейін төмендейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы