Алдағы уақытта -29 градус аяз болады

"Қазгидромет" синоптиктері еліміз бойынша 24-26 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Самара аудандарынан жылжыған циклон жырасымен республиканың басым бөлігінде қар жауады, батыс және оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) түрінде, 25 қарашада солтүстікте, 26 қарашада шығыста қар жауады.

Республика бойынша жел күшейіп, тұман түсіп, солтүстік, шығыс, орталықта бұрқасын болады деп болжанып отыр. 

Кезеңнің соңында Салехард аудандарынан солтүстік суық антициклонның енуімен республиканың көп бөлігінде жауын-шашын тоқтап, солтүстік, шығыс және орталықта ауа температурасы түнде және күндіз 20-29 аязға дейін күрт төмендейді деп күтілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы