Алдағы уақытта CҚО қағаз бен кірпіш шығаратын болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов мәлімдеді.
Оның атап өтуінше, Солтүстік Қазақстан облысында өнеркәсіп дамып, перспективалы инвестициялық жобалар жүзеге асырылып келеді . Бұл индустриялық экономиканы қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Бір жыл бұрын фанера комбинаты мен биг-бег шығаратын фабрика істей бастады. Мәселен, фанера зауыты іске қосылғаннан бері 8,5 мың текше метр өнім шығарған. Қазір зауыт 100 пайызға жүктелді, алда 3 айға тапсырыс бар.
Биг-бег шығаратын зауыт ашылған күннен бастап 1,2 миллиард теңгеге 220 мың биг-бег өндірді, - деді әкім Орталық коммуникациялар қызметінде.
Сондай-ақ Ақсақалов облыста кірпіш зауытының құрылысы аяқталуға жақын екенін хабарлады. Әкімнің сөзінше, ол облыстың кірпіш қажеттілігінің 30 пайызын өтейді.
Тағы бір сұранысқа ие құрылыс материалы - автоклавты газдалған блок. Жуырда облыс орталығында автоклавты газоблоктар мен плиталар шығаратын зауыт пайда болады. Петропавлда майлық, санитарлық және кеңсе қағаздарын шығаратын қағаз зауыты салынуда. «Қызылжар» арнайы экономикалық аймағының аумағында электр зауыты мен «CLAAS» ауыл шаруашылығы техникасын құрастыратын кәсіпорын сынды перспективалы инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда, - деп атап өтті Ақсақалов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы