Алдағы уақытта аяздың беті қайтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20-21 қарашада Солтүстік-Батыс суық антициклон, республиканың шығыс жартысына әсерін сақтайды, жауын-шашынсыз ауа райы болады.
Елдің батысы Атлантикалық циклонның әсерінде болады. Ол 22 қарашада батыстан шығысқа қарай жылжып, Атлантикалық циклон елдің көп бөлігін қамтиды, осыған байланысты жауын-шашын, қар, көктайғақ, екпінді жел тұрып, солтүстік жартысында бұрқасын болады.
Батыста ауа температурасының негізгі фоны түнде 2 аяз болса, күндіз 0-10 жылы болады.
Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде түнде 6-16-дан 0-9-ға дейін аяз, күндіз 0-9-ға дейін аяз, республиканың шығысы мен орталығында түнде 18-28-ден 0-10-ға дейін аяз, күндіз 5-15-тен 5-ке дейін аяз, оңтүстік өңірлерде 5-15-тен 5-ке дейін аяз, күндіз 0-10-нан 5-15-ке дейін жылы болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Еліміздің жер қойнауы аукцион арқылы сатылды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы