Алдағы уақытта -38 градус аяз болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 желтоқсанда Қазақстанның бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

14 қаңтар Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, кей жерде күші 15-20 м/с жетпек.

Түнде 14 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының кей жерде жаяу бұрқасын, тұман түседі, ауа температурасы 28-33 аязға дейін төмендейді.

Ертең Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі. Ауа температурасы түнде 33-38 градус аязға дейін төмендейді.

14 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с жетеді.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы