Алдағы тәулікте күн жылынады

Қазақстан аумағы бойынша 2024 жылғы 01-03 маусымға ауа райы болжамын "Қазгидромет" ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, көптеген өңірлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай, жел күшейеді. Еліміздің оңтүстік-батысында ғана ауа-райы жауын-шашынсыз болады.

Температуралық фонға келетін болсақ, республиканың солтүстігінде және орталығында ауа температурасы 17-27 жылыға дейін, ал еліміздің оңтүстігінде 27-35 жылыға дейін біртіндеп көтерілуі күтіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ -архив
Өзгелердің жаңалығы