Алдағы күзде не өзгереді

Бұл сұраққа өз жауабын блогер Алмас Алтай Facebook-тегі жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.


Оның айтуынша, Президент Тоқаевтың бастамасымен бизнеске жасалған салықтық жеңілдік мерзімі аяқталды. 

Биылғы тамыздың ерекшелігі - үш жыл қайырусыз, салық дегеннің не екенін ұмытып тайраңдаған жеке кәсіпкер біткен қазынаға тапқанынан пайыз төлеуі тиіс! Естеріңізде қалмаған шығар, сонау КОВИД 19 деген індет ақырып тұрған кезде Президент Тоқаев "бизнес алты айдан аса қаңтарылып тұрды, алдағы үш жыл төлемдерден азат болсын, еңсесін әбден тіктеп алсын" деген еді, - деп жазды болгер.

Сонымен қатар блогер, 3 жыл салық төлемей азат жүргені үшін де алғыс айтты. 

Мойын босап қалған соң қиын екен... Кеше төлеген кезде сезілді кәдімгідей. Дегенмен, үш жыл азат жүрдік, мың алғыс!, - деді ол.

Алдағы күзде не өзгереді?

Ең алдымен еске түсетіні - бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыру іске қосылады. 

Кәсіптік және техникалық білім алып жүрген студенттердің шәкіртақысы биыл 50%, келер жылы 100% артады!

Мектепке дейінгі тәрбие ошақтары қызметкерлерінің жалақысы 30% өседі!

2024 жылдың бірінші қаңтарынан бастап "Ұлттық қор - Балаларға" бағдарламасы басталады...

Айтпақшы, биыл бөпелі болғандар біледі ғой - бала күтімі үшін берілетін жәрдемақы тоқтаусыз жыл жарым төленетін болды. Бұл да әдемі бастама! Мораториймен бастап сөз басын, аяқтайын сонымен: Үкімет мүшелерінің, өңір әкімдерінің және депутаттардың айлығын өсіруге бес жылға шектеу қойылды. Бұл да биыл пайда болған өзгеріс, - деп атап өтті Алмас Алтай.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы