Алдағы күндері тұрақсыз күн райы сақталады
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 17-19 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алдағы күндері республиканың көп бөлігінде солтүстік-батыс циклоны ауа райының тұрақсыздығын сақтай отырып, синоптикалық жағдайды қалыптастыруды жалғастырады: жаңбыр, найзағай, екпінді жел болады, солтүстік жартысында бұршақ жаууы мүмкін. Қатты жаңбыр 17 және 19 тамызда солтүстік-батыста, 18-19 тамызда солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста болады.
Ауа температурасы: республиканың батысында түнде +10 +20°С, күндіз +25+33°С дейін жоғарылайды, еліміздің солтүстік-батысында және солтүстігінде түнде +8+18°С, күндіз +15+23°С, орталықта түнде +8+18°С, күндіз +20+28°С, шығыста түнде +10 +18°С, күндіз +25+35°С-тан +18+28°С-қа дейін төмендейді, оңтүстікте түнде +18+23°С-тан +13+20°С-қа дейін төмендейді, күндіз +28+36°С, оңтүстік-шығыста түнде +20+25°С-тан +13+20°С-қа дейін, күндіз +28+37 °С-тан +23+30°С-қа дейін төмендейді.