Алдағы күндері тұман, көктайғақ, екпінді жел болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге, 23-25 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.
23-25 қараша аралығында Қазақстанға Солтүстік-Батыс циклон әсер етеді. Циклонның әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (көбінесе қар) түрінде өтеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қалың қар түседі. Республика бойынша тұман, көктайғақ, сондай-ақ екпінді жел, солтүстік жартысында бұрқасын болады.
Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте ауа температурасы түнде 2-10-нан 18-23 аязға дейін, күндіз 5-15 аяз градус аяз, орталықта және шығыста түнде 0-8 аяз, күндіз 3 аяз болады. Оңтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде 3-6 аяз болса, күндіз 9-17 жылы болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы