Алдағы күндері солтүстікте 20-28 градус аяз болады

Қазақстан аумағы бойынша 2024 жылғы 10-12 ақпанға арналған ауа райы болжамын "Қазгидромет" ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Скандинавиялық циклон бірте-бірте елімізден ығысатын болады, бірақ Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа-райы, бұрқасынмен екпінді жел және көктайғақ құбылыстары сақталады. Содан кейін атмосфералық қысымның жоғарылауымен жауын-шашынның қысқа мерзімді тоқтауы болады. 

Температура фоны еліміздің солтүстік жартысында түнде 20-28 аязға дейін, күндіз 15-20 аязға дейін айтарлықтай төмендейді.

Ал оңтүстік аймақтарға Иранның аймағынан оңтүстік циклон шығады деп күтілуде, сонымен байланысты жауын-шашын, негізінен жаңбыр түрінде, желдің күшеюі, тұман және көктайғақ құбылыстары болжанады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ -архив
Өзгелердің жаңалығы