Алдағы күндері қай өңірлерде жаңбыр жауып, ауа райы суытады?
Осы айдың 10-12 күндерінде елдің орталығында, 10-11 күндері оңтүстік пен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 10-11 қазанда оңтүстік-батыста, 11-12 аралығында солтүстік-батыста және солтүстікте, 10 және 12 қазанда шығыста, 12 қазанда оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жаңбыр жауады деп болжанып отыр.
10 қазанға қараған түні Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын күтіледі. 12 қазанда Түркістан облысында қатты жаңбыр болжанады.
Қазгидромет мәліметінше, ел аумағы бойынша түнде және таңертең тұман күтіледі.
Күндіз ауа температурасының жоғарылауы болжанады:
-
елдің батысында +22+27°С-қа дейін;
-
солтүстік-батысында +17+25°С-қа дейін;
-
солтүстігінде +13+20°С-қа дейін;
-
орталығында +13+22°С-қа дейін;
-
шығысында +10+22°С-қа дейін;
-
оңтүстігінде, Қызылорда облысында +23+28°С-қа дейін, ал Түркістан облысында ауа температурасы +18+23°С-қа дейін төмендейді;
-
елдің оңтүстік-шығысында ауа температурасының негізгі фоны +17+25°С болады.
Айта кетейік, бұған дейін 9 қазан күні ел аумағында ауа райы қандай болатыны хабарланды.