Алдағы күндері күн ысиды
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 23-25 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Республиканың басым бөлігінің ауа райын атмосфералық фронтальды бөлімдер айқындайды. Жаңбыр, найзағай, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады.
23-25 мамырда еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ауысады) болады.
Сондай-ақ республика бойынша жел күшейеді, республиканың солтүстік-батысында, оңтүстігінде – шаңды дауыл тұрады.
Қазақстан бойынша күндіз ауа температурасы батыс өңірлерде 29-34 градус, солтүстік-батыста 25-30 градус, солтүстікте 23-28 градусқа дейін жоғарылайды, оңтүстікте 23-31 градус жылы, шығыс және оңтүстік-шығыста 15-25 жылы болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
5 млн-нан астам қазақстандық көліктерін онлайн тіркеген
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы