Алдағы күндері күн суытады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 23-25 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Республиканың басым бөлігіне Оңтүстік циклоны және онымен байланысты атмосфера фронттары әсер етіп күн күркіреп, жаңбыр жауады. 25 сәуір күні еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр қарқындылығы қатты болады. 

Тек аптаның басында антициклон сілемінің әсерінен еліміздің солтүстігі мен шығыс аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталып тұрады. Республика бойынша екпінді жел, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста бұршақ, дауыл болады деп болжанып отыр.

Арктикалық ауа массаларының енуінен еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында ауа температурасы түнде 1-8 градус суық болып, ал күндіз 3-13 градус жылы болады, орталықта түнде 0-5 градусқа дейін күн суытып, күндіз  тек 5-15 градус жылы болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы