Алдағы күндері күн суытады
Синоптиктер еліміз бойынша алдағы үш күнге, 7-9 ақпанға арналған ауа айы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстанның басым бөлігіне Жерорта теңізі аудандарынан циклон әсер етеді, бұрқасындатып, қар жауады.
9 ақпанда шығыста қар жауады, оңтүстікте және оңтүстік-батыста жаңбыр аралас қар жауады.
Елдің батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында көктайғақ болады.
Еуропа аудандарының антициклоны әсерінен ауа температурасы түнде батыста және шығыста 13-21 градусқа дейін, солтүстікте 20-28-ге дейін, орталықта 15-26 градус аязға дейін төмендейді.
Күндіз батыста 7-12-ге дейін, солтүстікте 15-20-ға дейін, шығыста және орталықта 10-18 аязға дейін төмендейді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ұлттық архивте ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Өзгелердің жаңалығы