Алдағы күндері күн суытады
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 5-7 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елдің басым бөлігінде барикалық алқаптардың тез өзгеруімен тұрақсыз ауа райы болады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ, жаяу бұрқасын, екпінді жел, тұман басады.
5 қарашада еліміздің батысында, 6 қарашада солтүстігінде, 6-7 қарашада шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын болжанады. Тек 5 қарашада солтүстік, солтүстік-батыс аймақтарда ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Республикамыздың шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында кезеңнің соңына қарай ауа температурасының түнде 3 аяз-5 жылыға дейін, таулы аудандарда 8 аязға дейн, күндіз 0-7 жылы, таулы аудандарда 2 аяз дейін төмендейді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
450 ауыл баласының арманы орындалған айтулы футбол турнирі
Келесі жаңалық
Бірнеше өңірлерде дауылды ескерту жарияланды
Өзгелердің жаңалығы