Алдағы күндері ауа райы жауын-шашынды болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республиканың басым бөлігінің ауа райына циклон және онымен байланысты фронтальды бөлімдер әсер ететін болады. Ауа райы тұрақсыз болады.

Осыған байланысты солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл тұрады. 

Батыста ауа температурасы түнде +12+22℃, күндіз +25+35℃, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында ауа температурасы түнде +7+20℃, күндіз термометрлер +12+28℃, елдің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +8+20℃, күндіз +15+28℃, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында түнгі температура +12+23°С, күндіз +25+32°С болады.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы