Алдағы күндері ауа райы құбылмалы болады

Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонының ойысы мен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Елдің солтүстігі, шығысы және орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ болжанады. Тек республиканың батысында 4–5 желтоқсанда антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Температуралық фон бойынша айтарлықтай өзгеріс болмайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы