Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республиканың басым бөлігінде мамырдың басында ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне қарамастан ол біртіндеп көтеріліп, аптаның соңына қарай 13-25 градус жылы болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
3 мамырда күндіз Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде найзағай ойнайды. 4-5 мамырда оңтүстікте, облыс орталығында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады.
3-5 мамырда Іле Алатауы мен Жетісу Алатауында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, көктайғақ болады.
Қырғыз Алатауында 3-4-5 мамырда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады.
Талас Алатауы: 3-4 мамырда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады.
Батыс Алтай: 4 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде жел күші 15 м/с.
Тарбағатай: 4 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде жел күші 15 м/с.
3 мамырда орталықта, Қызылорда облысының шығысында найзағай болады. Солтүстік, солтүстік-шығыстан облыс орталығында жел күші 15-20 м/с.
Күндіз Ақтөбе облысының шығысында шығыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с болады.
3 мамырда Ақмола облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады.
Батыста, оңтүстікте, Маңғыстау облысының орталығында және Ақтау қаласында найзағай ойнайды.
3 мамырда Түркістан облысының таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай ойнап, көктайғақ болады. Күндіз таулы аймақтарда бұршақ жауады.
Шымкент қаласында кей уақытта найзағай ойнап, бұрқасын болады.
Қарағанды облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.