Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер Қазақстанда 5, 6 және 7 қазанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Болжамға сәйкес, батыста скандинавиялық антициклон әсерінен 5-6 қазанда елдің солтүстік және шығыс аймақтарында ауа райы құрғақ және шуақты болады, күндіз батыста 23-30 градусқа дейін, солтүстік пен шығыста 15-23 градусқа дейін күн жылиды, ал түнгі уақытта ауа температурасы минус мәндерге дейін төмендейді.
7 қазанға таяу солтүстікке және шығысқа суық атмосфералық фронт тарай бастайды, әсерінен жауын-шашын, желдің күшеюі және күндізгі ауа температурасының төмендеуі күтіледі.
Ал республиканың оңтүстігі мен орталығында атмосфералық фронттар әсерінен 5-7 қазан аралығында жаңбыр жауады, таулы аймақтарда қатты нөсер жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, түнде және таңертең таулы аймақтарда тұман күтіледі, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордалық ұстаз мемлекеттік наградаға ие болды
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы