Алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктері 17-19 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Болжамға сәйкес, ауқымды антициклон Қазақстан аумағына ықпал етіп, жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастырады. 

Тек солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста фронталь бөліктерге байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ және екпінді жел болады.

Күндіз температура солтүстікте 25-32 градусқа дейін, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 25...37 градусқа дейін, орталық пен шығыста 20-31 градусқа дейін көтеріледі. 

Тек Қазақстанның батысына ауа райы жауын-шашынсыз, ауа температурасы 32-43 градусқа дейін жылы болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы