Алдағы күндері 45 градус ыстық болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы үш күнге, 25-27 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.   

Солтүстік-батыс циклонының әсерінен қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнап, қатты жел тұрып, бұршақ жауады деп болжанып отыр.  

Тек еліміздің батыс және солтүстік-батыс өңірлері ғана скандинавиялық антициклон жотасының әсерінде болады. Бұл өңірлерде жауын-шашын болмайды. Оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. 

Батыста + 25+35°С, солтүстікте +25+33°С, орталықта +30+37°С, шығыста +27+37°С, оңтүстікте өте қатты ыстық +40+45°С.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бабадан қалған белгі
Өзгелердің жаңалығы