Алдағы күндері 43 градусқа дейін қатты ыстық болады

Қазақстан бойынша 2023 жылғы 11-13 шілдеге арналған ауа райы болжамын Қазгидромет РМК ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдағы күндері Қазақстан аумағы арқылы Батыс циклоны өтеді, онымен батыста, содан кейін еліміздің солтүстігінде және орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі. Республиканың шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. 

Бүкіл кезең солтүстікте, орталықта, 11-12 шілдеде солтүстік-батыста, 12-13 шілдеде оңтүстікте, 13 шілдеде оңтүстік-шығыста күндіз 43 градусқа дейін қатты ыстық болады деп күтілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы