Алдағы күндері 38 градусқа дейін ыстық болады
Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері Қазақстан аумағына оңтүстіктен келетін циклон әсер етпек, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері Қазақстан аумағына оңтүстіктен келетін циклон әсер етпек, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Соның салдарынан 6-8 мамыр аралығында елдің батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерінде, ал 8 мамырдан бастап орталық, шығыс пен оңтүстік аймақтарда күн райы құбылмалы болады. Көптеген өңірде жауын-шашын күтіліп, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.
6-7 мамырда Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарында, 7 мамырда Маңғыстау облысында, ал 7-8 мамыр аралығында Ақтөбе облысында қатты жаңбыр жауады деп күтілуде. Қарағанды облысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Сонымен қатар Қазгидрометтің болжауынша, республиканың оңтүстік-батысында және 8 мамырда оңтүстік-шығыс өңірлерінде шаңды дауыл тұру ықтималдығы бар.
Сәуірдің соңғы және мамырдың алғашқы аптасында ауа температурасы да құбылып тұр.
- Батыс өңірлерде күндізгі температура 23–30 градустан 21–26 градусқа дейін төмендейді.
- Солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда 20–25 градустан 24–29 градусқа дейін көтеріледі.
- Орталықта күн райы 22–30 градустан 27–35 градусқа дейін жылиды.
- Оңтүстік өңірлерде 31–38 градусқа дейін жылы болады.
- Ал оңтүстік-шығыста ауа температурасы 25–32 градустан 30–38 градусқа дейін жетуі мүмкін.
6 мамырда түнгі және таңғы уақыттарда Павлодар мен Абай облыстарында, 6-7 мамырда Шығыс Қазақстанда үсік жүретіні ескертілді.