Алдағы күндері -28 градус аяз болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет еліміз бойынша 17-19 наурызына арналған ауа райы болжамын жариялады.
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстік жартысы Солтүстік-Батыс антициклонның ықпалында болады, осыған байланысты аязды, жауын-шашынсыз ауа райы болады.
Түнде термометр бағаны 20...28 аязға дейін жетеді. Елдің оңтүстік жартысына оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді, жауын-шашын, кейде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі, көктайғақ және ауа температурасының күндіз 0...10 жылуға дейін, түнде 0...10 аязға дейін төмендейді.
Республика бойынша тұман болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ұлттық құрылтай құруды ұсынамын – Тоқаев
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы