Алдағы күндері -28 градус аяз болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 7-9 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Республиканың басым бөлігінің ауа райын Солтүстік циклонның терең жырасы айқындайтын болады, осыған байланысты ауа райы құбылмалы болады,  еліміздің шығысында толассыз қар жауып, бұрқасын болады, оңтүстік өңірлерде жаңбыр соңы қарға ауысады, таулы аудандарда жауын-шашын болады. 

Шығыс, оңтүстік және орталық аймақтарда көктайғақ болады деп болжануда. Елдің батысы мен солтүстік-батысында кең ауқымды Скандинавиялық антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады.

Ауа температурасы түнде елдің батысында 5-13 аязға дейін, солтүстік-батыста 13-25 аязға дейін, еліміздің солтүстігінде 20-25 аязға дейін, Қазақстанның орталығында 15-28 аязға дейін, республиканың шығысында 18-26 аязға дейін, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде 8-21 аязға дейін біртіндеп төмендейді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов -архив
Өзгелердің жаңалығы