Алдағы күндерге арналған ауа райы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 10-12 қазан күндеріне арналған ауа райына болжам жасады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады.
"Алдағы үш тәулікте атмосфералық фронттың өтуіне байланысты Қазақстан территориясының кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сонымен қатар бұршақ жаууы ықтимал. Жаңбырға қарамастан ауа температурасы төмендегенмен, орташа көпжылдық мағынаға жақын және жоғары болады", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады деп болжануда. Күндіз 10 қазанда оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батыс бағытына ауысады, кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с жетеді. 11 қазанда солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде желдің екпіні 25 м/с жетпек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елбасы және спорт
Келесі жаңалық
Ұлттық архивте ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Өзгелердің жаңалығы