Алдағы күндер жаңбырлы болады
Қазақстан бойынша 02-04 шілдеге арналған ауа райы болжамын "Қазгидромет" РМК ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігіне кең ауқымды циклон әсер етеді, сонымен байланысты жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі. Еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында және орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа-райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп болжануда.
Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы күндіз солтүстік-батыста +28+35°С дейін, солтүстікте +20+28°С дейін, орталықта +22+33°С дейін, оңтүстік-шығыста +27+36°С дейін, оңтүстікте +33+38°С дейін біртіндеп жоғарылауы күтілуде. Еліміздің батысында +35+42°С дейін қатты ыстық күтіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жануарлардың аса қауіпті ауруларын алдын алу шаралары күшейтілді
Өзгелердің жаңалығы