Алдағы күндер жаңбырлы болады

Қазақстан аумағы бойынша 2024 жылғы 07-09 наурызға арналған ауа райы болжамын "Қазгидромет" ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы жоғарылап, жаңбыр жауады. 

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын мен қар күтіледі. 09 наурызда Қазақстанның оңтүстігінде, күндіз оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр. 

Республика бойынша жел күшейеді, батыста, солтүстікте және орталықта тұман болжанады.

Күндізгі уақытта термометр көрсеткіштері республиканың батыс облыстарында 0-8 градус аяз, солтүстік облыстарда 4 градус аяз 1 градус жылы, оңтүстік облыстарда 10-20 градус жылы болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ -архив
Өзгелердің жаңалығы