Алдағы демалыста ауа райы қандай болады
Синоптиктер еліміз бойынша алдағы үш күнге, 4-6 ақпанға арналған ауа айы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Республиканың басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады, елдің батысында, солтүстігінде және шығысында қар, ал оңтүстік аймақтарда жауын-шашын жауады, оңтүстік, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман және көктайғақ болады.
Кей өңірлерде желдің екпіні күшейеді. Елдің батысында түнде ауа температурасы 7-18, күндіз 3-8 аязға дейін аздап төмендеуі болжануда.
Елдің солтүстік жартысында, орталығында және шығысында температура фоны өзгеріссіз қалады: түнде 15-26, күндіз 5-13 аяз болады. Оңтүстік аймақтарда түнгі уақытта ауа температурасы аз оң мәндерге жетеді, күндіз 2-10° С жылы болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жапонияда жер сілкінді
Өзгелердің жаңалығы