Алдағы 3 тәулікте күн суытады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК-сы 2021 жылдың 19-21 қазан аралығындағы күн райы болжамын жариялады.

Болжамға сәйкес, үнді жазын Қазақстан аумағына әкелген Антициклонның ықпалынан еліміздің шығысында ғана күн жауын-шашынсыз жылы болады. Республиканың қалған бөлігіне Мурманск аудандарынан келген циклон әсер ете бастайды. 

Ол ел аумағы арқылы жылжып, жаңбыр мен қар аралас жаңбыр жаууына ықпал етеді. Сондай-ақ, көктайғақ болып, жел күшейеді, солтүстікте жаяу бұрқасын соғып, ауа температурасы төмендейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы