Алдағы уақытта мемлекеттік қызметшілер саны 25%-ға қысқармақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін «Желмая» жобасында қонақта болған ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев былтыр Президент мемлекеттік қызметшілер санын қысқартуға байланысты тапсырма бергенін айтты.
Біздің агенттік ай сайын әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіп отырады. Алдымен, мемлекеттік қызметкерлердің дөрекі әдеті бойынша, егер мұндай жағдай анықталатын болса, оған жаза қолданамыз. Биыл жыл басынан бері осы бағытта 180 адамға шара қолданылды. Кейде әлеуметтік желілерде бір жыл бұрын болып кеткен, оған тиісті жаза қолданылып қойған жайттар қайтадан шығып жатады. Мұндайда көбіне осы мәселені уақытында ескеріп, түсінік беруге құлықсыздық басым. Осыған қатысты біздің өңірлік департаменттерге тапсырма беріліп, әкімдіктерге белгілі бір жайтқа уақытында түсініктеме берілу керегі айтылады. Әр нәрсені уақытында түсіндіріп жеткізіп отырса, одан артық ашықтық керек емес деп ойлаймын, - деді ол.Дархан Жазықбаев елдегі мемлекеттік қызметшілердің саны көп емес екенін айтты.
Әлеуметтік желілерде кейде дұрыс ақпарат берілмейді. Елімізде 98 000 мемлекеттік қызметші бар делінгенімен де, қазір нақты 88 мыңнан астам мемлекеттік қызметші жұмыс істеп жатыр. Бұл өзге мемлекеттермен салыстырғанда көп емес. Алдағы уақытта мемлекеттік қызметшілер санын 25%-ға дейін қысқартамыз деген жоспар бар. Себебі, былтыр Президент мемлекеттік қызметшілер санын қысқартуға байланысты тапсырма берген болатын. Сол бойынша Үкіметпен бірге оңтайландыру жасалып, қысқартуға қатысты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жалпы, мемлекеттік қызмет саласын Еуропа, Азия елдеріндегі жүйемен салыстырмалы түрде қараймыз. Бірақ, оның барлығы біздің елдегі формат, заң, жер көлемі, менталитет, мәдениетке келе бермейді. Сондықтан, ішінен үздігін таңдап аламыз, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Байбек праймериз мүмкіндіктері туралы айтты
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы