Алдағы үш тәулікте күн жылы болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК 19-21 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.
Иран аймағынан жылы ауа массаларының шығуының жалғасуымен Қазақстанның оңтүстік, орталық және шығыс облыстарында температураның әрі қарай жоғарылауы күтіледі. Мұнда алдағы үш тәулікте жаздағыдай жылы және жауын-шашынсыз ауа райы күтіліп, күндізгі ауа температурасы плюс 23…30°С, оңтүстікте плюс 30…35°С дейін жоғарылайды.
Республиканың батыс және солтүстік облыстарында атмосфералық фронттардың өтуімен ауа температурасы төмендеп, кей жерде найзағаймен жаңбыр, желдің күшеюі күтіледі, сондай-ақ бұршақ болуы ықтимал.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Катонқарағай. Хоббиі көп апа
Өзгелердің жаңалығы