Алдағы үш тәулікте күн суытады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-ның 4-6 сәуірге арналған ауа райы болжамында айтылған.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Жерорта теңізінің белсенді циклонымен, әсіресе Қазақстанның батыс облыстарында кей жерлерде қатты жаңбыр өтті. Алдағы тәулікте бұл циклон толып бастап шығысқа қарай жылжыйды, ал онымен байланысты атмсофералық фронттар республикамыздың көптеген облыстарында жауын-шашын, әсіресе жаңбыр, күшті ұйытқымалы жел туындатады. 

"Солтүстік облыстарда жаңбырдың сулы қарға ұласуы мүмкін, оңтүстік облыстарда кей жерлерде күшті жаңбыр, найзағай және бұршақ болжанады. Циклон және суық фронттардың артынан Ресейдің Еуропалық бөлігі аймағының солтүстігінен антициклон жылжый бастайды. Республикамыздың солтүстік бөлігінде түнгі температура 0-ден минус 5°С дейін төмендейді", - делінген хабарламада.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы